Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ны жақсы тапсыру үшін бойыңда осы қасиет болсын

ҰБТ-дан жоғары балл жинауға көмектесетін маңызды қасиет бар: табандылық. Сен таңдаған мамандыққа грантқа түсу үшін 120 балл қажет болса, соған жеткенше табандылық таныту қажет. Табандылық таныту дегеніміз:

  • Шаршап тұрсаң да, өзіңді күштеп, тағы бір есеп шығару;
  • Тойдан шаршап келсең де, бітпей қалған материалды оқып бітіру;
  • Туған күн, той, бас қосудың кейбіріне бармай, күндік оқу жоспарыңды орындау;
  • Түсінбеген есепті түсіндіретін адамды жер астынан болса да табу;
  • Сынақ емтиханнан бірнеше рет аз балл жинасаң да, дайындықты тоқтатпау;
  • «Грантқа түсе алмайсың» дейтін адамдардың сөздерін құлаққа ілмеу;
  • Өзіңнің бітпейтін қалауларыңмен күресу.

Табандылық – қалаған кезіңде ерік-жігеріңді қолдана алу. Табандылық тек ҰБТ-да емес, өмірде көп пайдасын тигізеді. Ондай адам бизнеске барса, Қазақстанға емес, әлемге танылады. Спортқа барса, әлем чемпионы болмай қайтпайды. Осы қасиет сенің бойыңнан табылады деген үміттеміз.