Қазақша посттар
2022-08-04 18:01 Пайдалы кеңестер

90/30 ...

90/30 дегеніміз - тайм-менеджментте қолданылатын әдістердің бір түрі.

Бұл әдісті қалай қолданамыз?


Сен 90 минут бойы қандай да бір маңызды іспен айналысып, содан кейін 30 минут үзіліс жасайсың. Жарты сағаттан соң қайтадан 90 минут бойы басқа шаруаңмен айналысып, сосын тағы да 30 минут демаласың.

90/30 әдісін жазушы және блогер Тони Шварц, әдеби критик Бенджамин Че Кай Вай және кәсіпкер Томас Оппонг қолданады.

Бұл ережені қолданудағы басты талап - алғашқы 90 минутты ең маңызды деген істерге арнап, қалған уақытты онша маңызды емес шаруаларға қалдыру қажет. Йель университетінің маманы Перетза Лафидің зерттеулеріне сәйкес 90 минут - адамның бір іске көңіл аударып, эффективті атқаруы үшін ең оптималды уақыт, ал 30 минут - адамның толық демалуы үшін молынан жететін уақыт екені анықталды.