Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Сабақ оқысам, ішім пыса бастайды...

Көбі математиканы "іш пыстырарлық сабақ" деп санайды. Бірақ солай айтатын адамдардың үлгеріміне назар аударсақ, олардың көп жағдайда математикадан нашар екендіктеріне көз жеткізуге болады. Неге бұлай? Себебі: көбі математика, физика және химия секілді пәндерді формулалар мен ережелердің көптігінен қиын деп ойлайды. Сол үшін де, оларды іш пыстырарлық сабақтардың қатарына жатқызып, зерттеп, тереңірек үңілуге еш тырыспайды.


Алайда іш пыстырарлық сабақтың өзін қызықты етуге болады. Ол қалай десең, осы постты соңына дейін оқы.


1. Қандай да бір пәнді іш пыстырарлық деп атамас бұрын ол туралы толық мәлімет алып, біліміңді кеңейт. Мысалы, егер саған химия пәнін оқу қажет болса, ал сен ол пәнді іш пыстырарлық деп тапсаң, онда википедияны ақтарып, химия жайлы оқы, содан соң химияны қызықты етіп түсіндіретін ютуб каналдарды іздестіріп, қара. Бастапқы бір сағатта бұл сен үшін қызықсыз болып көрінгенімен, екі-үш сағаттан кейін сенің химияға деген қызығушылығың ояна бастайтын болады.


2. Сабақ оқу процесін барынша қызықты ету үшін әртүрлі кестелерді, графиктерді немесе флэшкардттарды қолданған жөн. Сондай-ақ визуализация мен елестетіп көру қабілеттерін де қолдану артық етпейді. Керісінше, бұлардың барлығы мидың сабақ оқуға деген құлшынысын ашып, энтузиазмды оятады.


3. Алған білімдеріңді тәжірибе жүзінде сынап көруден қорықпа. Бір жағынан біліміңді тексерсең, екінші жағынан қателіктеріңнен сабақ аласың. Сондай-ақ қазір мектептен бөлек, біліміңді жетілдіруге арналған Coursera, Khan Academy, MIT OCW секілді түрлі курстар мен сайттар бар. Бұл сайттарда сабақтар өте қызық өтетіндіктен, бұрын сен үшін іш пыстырарлық болып көрінген сабақтар, ендігі кезекте сенің ең сүйікті пәндеріңе айналуы да ғажап емес.