Егер таңдаған мамандығыңды дұрыс оқымасаң, онда біреумен танысқанда оны мақтанып айта алмайсың. Өйткені ойлап көр: «Менің атым Нұрбақыт, лор дәрігермін» десең, саған жан-жақтан сұрақ жаудырады. Анау қалай, мынау қалай? Егер жақсы білмесең, оған қалай жауап бересің?
Қаныш Сатпаев десең – геолог, Асфендияров десең – дәрігер, Әуезов десең – жазушы, Асқар Жұмаділдаев десең - математик деген статусы қатар жүреді. Олар сол атаққа лайық. Сол саланың жілігін шағып, майын ішкен. Кез келген сұрағыңа мүдірместен жауап береді.
Сен «ақпараттық қауіпсіздік» мамандығын таңдасаң, бітірген соң кез келген жұмысты істеп кетпей, өз салаңда істеуің керек. Себебі оған төрт жылыңды арнадың. Қазіргі уақытта кибершабуылдар өте көп екені белгілі. Сенің есіміңнің жанында «ақпараттық қауіпсіздік маманы» деген статус қоса жүрсе, сенен мықты ешкім болмайды.
Таңдаған мамандыққа атың лайық болсын. Халыққа және өзіңе пайдасын тигізетін мамандықты үйренуге бірнеше жылыңды жұмсасаң да текке кетпейді.
Мамандықтар жайлы толыққанды ақпаратты JOO.kz мобильді қосымшасынан көре аласың. Әр мамандықтың алатын нарықтағы орташа айлық мөлшері, шектік балы, сұраныс деңгейі толық жазылған. Өзің таңдаған мамандыққа грантқа түсу үшін қанша балл жинау керектігін біліп ал.