1. Саған "Бұл мүмкін емес", "Сенің қолыңнан келмейді" немесе "Бұл істі орындау сен үшін қиынға соғады"- деп айтатын сыншылардың сөзін тыңдама. Жай ғана күліп қарауға тырыс. Есіңде болсын: мүмкін емес нәрсе жоқ, адамның құлшынысы мен еңбек етуге деген талпынысы болса, бәрі де мүмкін.
2. Өміріңді өзгертуге шешім қабылдап, соған сай жоспар құрып қойдың ба, онда істі кейінге қалдырма. Күн сайын сол жоспарыңды орындауға тырыс. Себебі бір-екі күн жоспарыңнан қалып, дедлайныңды уақытында бітіре алмасаң, жалқаулық сенің бойыңды жаулап, қолға алған ісіңді қайтадан бастауға тура келеді.
3. Күніне адам қанша рет өз-өзіне күмәнданатынын білесің бе? Он рет, тіпті, жүз рет те болуы мүмкін.
"Мен жетістікке жете аламын ба?" немесе" Менің қолымнан келе ме екен?" деген секілді күмәндар ең мықты деген мотивацияның да көзін жоя алады. Одан құтылуға қарапайым аффирмациялар көмектесе алады. Сенен интеллекті төмен адамдар да жетістікке жетіп жатқан жоқ па? Сондықтан өз-өзіңе сен де, тек алға ұмтыл!