- Әрине мұндай топта көп оқушы болмауы тиіс, ең аз 4, ең көп 6 оқушы.
- Топ мүшелерінің таңдау пәндері бірдей болғаны абзал.
- Топқа білім деңгейі өзіңмен қатарлас оқушыдарды таңдаған жөн.
- Топ мүшелері ең жақын достар болмаса да, бір-бірін жек көретіндер болмауы керек.
- Әр топ мүшелері тапсырмаларды бөлісе орындай алады. Мысалы, тарих сабағынан өтілген тақырыпқа қатысты қосымша материалдарды бөлісіп оқып, бір-біріне түсіндіреді.
- Топ мүшелері бір-бірін қолдап, алға қойған жоспарларынан ауытқымауына жәрдемші болады.
- Топта бір ұйымдастырушы болу қажет. Ол қай жерде, қашан жиналатынын, қандай тапсырмаларды орындап келуін қадағалап жүреді.
- Міндетті түрде суретке түсу керек. Кейін оқуға түскенде өткенді еске алатын жақсы естелік болады. Мүмкін он жылдан кейін сол суреттегідей боп қайта түссе, тіптен қызық сурет шығады.
Сіз ҰБТ-ға қалай дайындалып жүрсіз? Жеке дайындалған дұрыс па, әлде топпен дайындалған дұрыс па?
JOO.KZ мамандары дайындаған икемді курсқа қатысып, деңгейіңді біле аласың.