Қазақша посттар
2022-07-27 14:35 Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға дайындықты бастамас бұрын білу керек 5 нәрсе 🤫

1. Өз мақсатыңды білу керек.
ҰБТ-ға не үшін дайындалып жатқаныңды білмесең, мотивация болмайды. Дайындықты бастамай тұрып, түскің келетін университет пен мамандықты анықтап алуға кеңес береміз.

2. Өз бейіндік пәндеріңді білу керек.
Сен түскің келетін мамандыққа қандай пәндерді таңдау керек екенін біл. Нақты шешім қабылдап, артынша бейіндік пәнді ауыстырмайтындай етіп таңдау керек. Себебі дайындықтың көп бөлігін бейіндік пәндер алады.

3. Мамандығыңа керек шекті баллды қарап ал.
Біздің қосымшада әр мамандықтың грантқа шекті баллы көрсетілген. Мысалы, сенің мамандығыңа грантқа түсуге 90 балл да жеткілікті болуы мүмкін. Олай болса, 140 баллға ұмтылудың не мағынасы бар?!

4. Бейіндік пәндерді әлі таңдамаған болсаң, онда Қазақстан тарихына дайындықты бастай берген жөн.
Себебі бұл пәнді қандай жағдай болмасын, тапсырасың. Қай пәнді таңдасаң да, тіпті шығармашылық емтихан таңдасаң да, оның ішіне міндетті түрде Қазақстан тарихы кіреді.

5. ҰБТ - бар болғаны сенің университетке түсуіңе әсер ететін емтихан.
Ол сенің өміріңді шешпейді. Тіпті тапсыра алмасаң, келесі жылы тағы көрсең болады, шектеу жоқ. Бірақ егер 2023 жылы университетке грантқа түскің келсе, онда дайындықты қазірден бастай берген жөн.