1. Таңертең ұйқыдан тұра сала, бірден қолыңа телефонды алып, әлеуметтік желіні ақтаруға кіріспе. Одан да өз күніңді жоспарлап, пайдалы таңғы ас ішіп, таңғы уақытыңды продуктивті өткіз. Ол үшін өзіңе таңғы рутина ойлап тауып, әр таңыңды сол рутинаға сай өткізуге тырысуың қажет.
2. Парето принципін қолданып, өзіңнің жеке күн тәртібіңді, жетістікке жету жолыңды жоспарла. Неге дейсің бе? Себебі барлық жетістікке жеткен адамдардың өз жүйелері, тәртіптері болады. Олар өздеріне не қажет екен біледі және өздері құрған жүйе арқылы олар көп уақыты мен энергиясын үнемдейді.
3. Парето принципін қолдану үшін мына сұрақтарға жауап беруің керек:
1) Сен өзіңді қандай салада жетістікке жете алам деп ойлайсың?
2) Ал қандай салада жетістікке жете алмаймын деп ойлайсың?
Осы сұрақтарға шынайы жауап бере отырып, өзіңнің жетістікке жету жоспарыңды құруға тырыс.
4. Күн сайын ұйқыға жатар алдында келесі күні жасау керек істердің тізімін құрып қоюды ұмытпа. Ал ұйқыдан тұрғаннан кейін, бірінші қолыңа телефонды алмай, бүгін жасайтын істердің тізімін алып, қара. Зерттеулер нәтижесінде күнделікті жоспар құрып отыру, біріншіден, бос уайымнан арылтады, ал, екіншіден, әр күннен қуаныш алуға көмектесетіні анықталып отыр.