7 жасқа келгенде, отбасын және өзін асырау үшін жұмыс істеуіне тура келеді.
9 жасқа келгенде анасы қайтыс болады.
22 жасқа келгенде курьерлік жұмысынан айырылады.
23 жасқа келгенде ол кішкентай дүкеннің серіктесі боламын деп, қарызға белшесінен батады.
26 жасқа келгенде оның серіктесі қайтыс болып, артынан Авраам ұзақ жылдар бойы төлеуге мәжбүр болған үлкен қарызды қалдырып кетеді.
39 жасында ол үш рет тырысып, әрең дегенде сайланған Конгресске бар болғаны екі жыл қызмет етіп, одан кейінгі сайлауға түсе алмай қалады.
41-ге келгенде оның 4 жастағы баласы қайтыс болады.
45 жасында ол Сенатқа түсуге тырысқанымен, оның бұл әрекетінен ештеңе шықпайды.
Ал 51 жасқа келгенде оны АҚШ-тың Президенті етіп сайлайды.
Осындай жасқа келгенше қаншама рет құласа да, сүрінсе де, ештеңеге назар аудармай, өзін-өзі алға сүйрей білген қандай мықты адам болған десеңші?! Әрбір сәтсіздіктен кейін Линкольн өзіне Бұл кішкентай ғана сәтсіздік, құрдымға кету емес деп айтып, алға қарай жүре беретін болыптыСондай-ақ ол өз заманындағы атақты ораторлардың бірі болып, оның сөздері көптеген адамды жігерлендіріп, күш беретін болған.
Қорытындылай келе постымызды Авраам Линкольннің мынадай керемет дәйексөзімен аяқтағымыз келеді: Егер жетістікке жеткің келсе, саған ешкім сенбеген кезде де, өзіңе сенуді тоқтатпа .