Қазақша посттар
Мотивация

Еріншектікке берілме! 😤

Қазіргі уақытта біз ұлы адам деп санайтын адамдар ол дәрежеге қалай жетті? Олар бар ғұмырын соған арнады ма? Мысалы, Джон Гришэм деген атақты жазушы бар. Оның кітаптары 300 миллион таралыммен шыққан. Ол бүкіл уақытында кітап жазған ба? Жазушылықтан мұндай дәрежеге жету үшін барлық уақытын кітап жазуға арнаған шығар деп ойлауың мүмкін.


Алайда Джонның негізгі мамандығы – адвокат. Сонда ол адвокат бола жүріп, кітап жазуға қалай уақыт тапты дейсің ғой? Күн сайын таңертең бір сағат ерте тұрып, қылмыстық оқиғалар туралы жазып отырады екен. Күніне бір сағат қана бөліп отырып, қандай дәрежеге жетті десеңші. Айтпақшы, оның «Фирма» деген кітабы (басты рөлде Том Круз) кино болып шықты. Ал сен әлі уақыт таппай жүрсің бе?


«Унесённые ветром» деген кітапты білетін боларсыңдар. Маргарет Митчелл бұл кітаптың үзінділетін салфеткаға жазған. Осы кітаптың өзі 30 миллион таралыммен әлемге таралды. Ал сен әлі уақыт таппай жүрсің бе?


Қысқасы, адам ұнатқан, маңызды деп санаған нәрсесіне уақыт табады. Маңызды деп санамаған нәрсесіне ешқашан уақыт таппайды. Күніне 3-4 сағатын тиктокқа жұмсайтын адам кітап оқуға 3-4 минут та бөле алмайды. Грантқа түскісі келмеген адам ҰБТ-ға дайындалмайды. Мейлі оған әлемнің ең үздік курсын, материалдарын берсең де, оған пысқырып қарамайды. Ал грант ұтқысы келген оқушы міндетті түрде ҰБТ-ға дайындыққа уақыт табады. Немесе грант ұтуға кепілдік беретін JOO.kz курсына қатысады.

Курс туралы толық ақпарат МЫНА сілтемеде.