🔸Көңіл-күйің түсті екен деп, ешкім басыңнан сипайын деп тұрған жоқ, ҰБТ-дан өткізе салайын деп тұрған жоқ. Барлық кедергілерді өзің жоймасаң, ешкім келіп жойып бермейді. ҰБТ-дан жақсы өтуге құлшынып тұрған баланы ешкім бетінен қақпайды, қайта ынтасына риза болып, қолдан келгенше көмектесуге ұмтылады.
🔸Кесте сызып, сол жерге апта сайынғы сынақ емтиханында алған баллды жазып жүр. Шкала әр тапсырған сайын көтерілуі керек. Бір бал болса да. Аяғын жыланға екі рет шақтырған адам ақымақ демекші, бір есептен бір рет қателесуге құқың бар шығар, бірақ келесі жолы сол есепке ұқсайтын есептен қате жіберсең, онда бұл кері кетушілік. Темірдей тәртіп бар жерде алынбайтын қамал болмайды.