Қазақша посттар
Сананы ретке келтірудің эффективті жолдары
Пайдалы кеңестер

Сананы ретке келтірудің эффективті жолдары

Өзіңді тығырыққа тірелгендей сезініп, стрессте жүрсең, бұл сенің санаңды дереу ретке келтіру қажет деген сөз. Алайда келесі әдістер саған керексіз ойлардан тез арада арылуға көмектесетіндіктен, аса қатты уайымдамасаң да болады.


1. Санаң түрлі ойларға толып кетсе, ойыңды жинақтау қиынға түседі. Сондықтан барлық ойларыңды жинақтап, қағаз бетіне түсіру үшін өзіңе жеке күнделік арна. Күнделік жазуды ұйықтар алдында орындау қажет ритуалға айналдырып алсаң да болады. Бастысы, күнделігіңе күн сайын жазып тұруды ұмытпасаң болғаны.


2. Музыка тыңдағанды көбі жақсы көргенімен, оның пайдалы жақтарын білетін адамдар аз. Музыка тыңдаудың мынадай артықшылықтары бар: стресс деңгейін түсіріп, көңіл-күйді көтереді; концентрация мен есте сақтау қабілетін жақсартады және ми жұмысының белсенділігіне әсер етеді. Егер сен музыка тыңдағанды жақсы көрсең, онда оны тыңдауды жалғастыра бер, себебі музыканың адам денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор.


3. Ойың жан-жаққа шашырап, өзіңді шаршаңқы сезінсең, ұйқы сенің досың болмақ. Сапалы ұйқы сені психикалық шаршау мен эмоционалдық стресстен қорғай алады. Сол үшін де, күн сайын 7-9 сағат ұйықтап, ұйқы режимін бұзып алмауға тырыс.


4. Миды демалтып, керексіз ойларды бір уақыт болса да ұмытудың ең тиімді жолы - серуендеу. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, күніне 20-30 минут серуендеп қайтудың өзі ми жұмысының жағдайын жақсартып, стрессті түсіруге көмектеседі. Сол себепті де, уақытың болған кезде көбірек серуендеуді әдетке айналдыр.


5. Айналаңның бәрі қоқысқа толы болса, ойың сан-саққа жүгірмей қайтсін? Жұмыс үстеліңде қағаздарың бір-бірімен араласып, шашылып жатса, бұл мидың эффективті жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сондықтан да, әрдайым жан-жағыңды таза және жинақы ұстауға тырыс. Сонда сені артық ештеңе де алаңдатпай, уақытыңды тиімді өткізетін боласың.