Қазақша посттар
2022-08-04 14:03 Пайдалы кеңестер

Головкин мен Мессиге тренер не үшін қажет?

Головкинге тренер не үшін қажет? Онсыз да бәрінен жақсы жұдырықтасады ғой, Мессиге тренер не үшін қажет, бәрінен жақсы доп тебеді деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ ең мықтылардың да тренері бар, атақты бизнесмендердің де жол сілтеп, бағыт-бағдар беретін менторы бар.


Сол секілді, сіздің де ҰБТға жүйелі дайындалуыңыз үшін де тренер/ментор ауадай қажет.

Оның ролі қандай? Алдыңғы постта айтқандай деңгейіңізді нақты анықтағаннан кейін, сіздің үйрену мүмкіндігіңізді және мақсатыңызды ескере отырып сізге ең тиімді жолды көрсететін адам ол ментор.


Сіздің жеткіңіз келген мақсатқа жетіп қойған, сізге бағыт-бағдар беретін адам қажет. Тәжірибесінің молдығы соншалықты нағыз ҰБТ-да шамамен қанша алатыныңзды да жобалай алатын болу керек.


Әрбір балаға жеке-жеке ондай ментор табу мүкін емес болғандықтан, заманауи технологияларды қолданып ақылды алгоритм жасадық.

Бұл жасанды интеллект сіздің деңгейіңіз бен мақсатыңызға қарап сол мақсатқа жеткізетін ең тиімді жолды сызып береді.


Тек қана сызып қоймай, 24 сағат 7 күн бойы платформада жасаған әрбір әрекетіңізді зерттейді. Қай тапсырмаға қалай жауап бергеніңізді ескеріп, оқу жоспарыңызға түзетулер енгізіп отырады.

Оған қоса, қазіргі қарқынмен дайындала берсеңіз қанша күнде қандай баллға жететініңізді де дәл айтып береді.

Енді сіздер жол сілтеп, бағыт-бағдар беретін ментор қайдан табамын деп бас қатырмайсыздар.

Біздің платформа шабыт та береді, бағыт та береді.

ҰБТ-ға дұрыс дайындалу үшін қажетті екінші нәрсе осы.

Дайындықта ең маңызды 3 нәрсенің ең соңғысы жайлы жазайық па?