Қазақша посттар
Өткенді ұмыт
Пайдалы кеңестер

Өткенді ұмыт

1. Ең бастысы, өзіңе шыныменде не ұнайтынын ұғыну.


2. Шет тілдерін үйрен. Бұл сенің көзқарасыңды кеңейтіп, болашаққа жолыңды ашады.


3. Аптасына кем дегенде бір кітап болса да оқуды әдетке айналдыр. Ал оқуға уақытың болмаса, аудиокітаптарды тыңда. Кітаптың сыртқы әдемілігіне емес, ішіндегі мазмұнына, сапалылығына мән бергенің жөн.


4. Әрбір демалысыңда өзің немесе достарыңмен бірге кино көруге, қойылым тамашалауға немесе мұражайларға барып, уақытыңды пайдалы әрі қызықты өткізуге тырыс.


5. Арманыңды орындағың келсе, алдыңа мақсат қой. Мақсатың айқын және нақты болуы керек.


6. Жан-жағыңды ақылды, көзі ашық, жақсы адамдармен қоршауға тырыс. Өйткені сенің жетістікке жетіп, биік белестерді бағындыруың, ортаңа да байланысты. Сондықтан айналаңа өзіңді қолдап, мотивация беретін адамдарды жинап, солармен көбірек араласуға ұмтыл.


7. Өткенді ұмыт. Оның сенің ендігі болашағыңа ешқандайда қатысы жоқ. Өткеніңнен тек тәжіриебе мен біліміңді алып шық та, оның есігін жабық деп қабылда.