Қазақша посттар
2022-07-28 09:50 Пайдалы кеңестер

Физиканы түсінбей жүргендерге 📣

Физика пәні оңайлардың қатарынан емес. Егер сен оны түсінбей жүрсең және ҰБТ-дан осы пәнді тапсыратын болсаң, онда уақытты бос құртпау керек.


Пәнді қай жерінен түсінбей қалдың, сол жерінен бастап, қайтадан оқы. Мейлі бұл 2 жыл бұрын болса да, бәрін басынан үйрен. Себебі физикада кейбір тақырыптарды аттап кетіп, түсіне салу мүмкін емес. Кітапты ашып, өзің өтіп жатқан бөлімді бірнеше күнде оқып шық. Физиканы алдымен ауқымды түрде түсініп алу керек.


Физикалық заңдылықтар мида жаттанды түрде емес, логикалық тізбекпен сақталсын. Жалпақ тілмен айтқанда, формулардың өзін ғана емес, оның шығу заңдылығын да білген маңызды. Әдетте мұны білетін адамға формула жаттаудың қажеті де жоқ.

Формулалардың символдарын жаттап ал. Олар арасында қайталанып қолданылады, сондықтан жаттау аса қиындық тудырмауы керек.


Үй жұмысын жібермей орында. Үйге берілген есептер сыныпта шығарылған есептерге ұқсас болып келеді, сол себептен физика болған күні бірден орында. Осылайша есеп шығаруға үйренісесің.