Қазақша посттар

Кітап жайлы 10 дерек

Кітаптар - уақыт толқынында кезіп, өзінің асыл жүгін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ой кемелері. - Френсис Бэкон.📚





📔1. Кітапты жақсы жазатын авторларды оқу арқылы мәнді әрі жинақы сөйлеуге үйренесің.





📙2. Қанша кітап оқығаныңның саны маңызды емес, мағынасын түсініп оқыған кітаптардың саны маңызды.





📕3. Кітап оқитын адамдар теледидар көретін адамдардан әрдайым озық.





📗4. Кітап киноға қарағанда әлдеқайда жақсы, себебі адамның қиялында арнайы әсерлерге (спецэффект) шектеу жоқ.





📘5. Неғұрлым көп оқыған сайын, соғұрлым әрнәрсеге еліктеуді азайтасың.





📓6. Адамдар екі топқа бөлінеді: кітап оқитындар және кітап оқитындарды тыңдайтындар.





📑7. Тиыннан теңге құралатындай, оқылған кішкентай бөліктерден бір үлкен мағына құралады.





📖8. Дене саулығы үшін физикалық жаттығудың маңызды болғаны секілді ақылды болу үшін кітап оқу маңызды.





🗂9. Ақылды болғың келсе 10 кітап оқуың керек, ал 10 кітапты табу үшін мың кітап оқу қажет.





📚10. Саған ең жақыны - кітаптар. Олар керек кезде үндемей, ал қажет кезде алдыңа бүкіл әлемді ашып, сөйлей алады.