Қазақша посттар
Мотивация

Өміріңді өзің басқар! ✊

Өмір сүру мен жай ғана тірі болудың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Өкінішке орай көптеген адамдар өз өмірлерін дер кезінде қолға ала алмағандарының кесірінен көп уақыт жоғалтып, соңында өкініп еске алады. Сондықтан да, бүгін біз өмірден өз орныңды табу және еркін өмір сүру жайында сөз қозғайтын боламыз.


1. Өзіңді ешқашан басқалармен салыстырма. Әр адамның қасиеттері, бойына біткен қабілеттері әртүрлі болатындықтан, өзіңді тек өзіңмен ғана салыстыра аласың. Бұл - еркін өмір сүруге жетелейтін бірінші қадам.


2. Әлеуметтік желіні тым көп пайдалану санаңды өзіне тәуелді етіп, миыңды улайды. Осы себепті де, әлеуметтік желіден басқа қызығушылығы жоқ адамдардың көбіне өзіндік пікірі болмай, жан дүниесі кедей болады.


3. Кітап оқып, өз-өзіңді дамыт. Әртүрлі клубтарға қосылып, жан-жақты бол. Алдыңа мақсат қойып, арманда. Әйтеуір бос жүрмей, өмірден өз орныңды табуға тырыс. Сонда ғана сен нағыз өмір сүрген боласың.