Қазақша посттар
2022-08-03 16:15 Мотивация

Мүмкін сенің қолыңнан біраз нәрсе келетін шығар? 😳

Өзіңді бір сәт болсын бағалап көрдің бе? Біреулер машина сататын кезде моторын, салонын, кузовты, ходовкасын айтып, осынша баға деп жатады. Дәл солай бойыңдағы қабілеттерді өзің бағалап көр. Жасай алатын істеріңді байқаған сайын сенімділігің артады.


Мысалы, өзіңді көлік жүргізуші ретінде бағаламай жүруің мүмкін. «Менің қолымнан келмейді», «көлікті соғып алатын сияқтымын», «айналма жолдардан өтуге қорқамын» деген сияқты қорқынышпен жүруің мүмкін. Бірақ күндердің бір күнінде сәті түсіп, көлікке отырып көргенде, айдау оңай екенін түсінесің. Әрі қарай бір айда үйреніп кетесің.


Өзіңді тану, бағалау үшін өзіңнен бөлек басқа адамдардың да пікірін білген артықтық етпейді. Ол үшін сені жақсырақ таниды деген үш адамнан сұрап көр: ата-анаң, досың, ұстазың. Оларға мынадай сұрақтар қоюыңа болады:

1. Қандай жағдайда менің көмегіме жүгінер едің?

2. Менің бойымнан қандай ерекше қасиеттерді байқайсың?

3. Менің қандай іске икемім бар? Қандай істі жақсырақ жасаймын?


Берілген жауаптарға қарап, «сырт көз – сыншы» демекші, өзіңді тереңірек тани түсесің. Бұл сенің болашақ мамандық таңдауыңа да септігін тигізеді.

Өзіңді жақсырақ біліп, қай салада жұмыс істеуге икемді екеніңді тапқан соң, мамандықтар жайлы, оларға сұраныс, айлығы, шектік балл, грант санын JOO.kz мобильді қосымшасынан көруге болады.