Қазақша посттар
2022-04-05 14:26

Мәңгілік ел жастары – индустрияға!

Серпін жобасы


Мәңгілік ел жастары индустрияға! ( Серпін ) жобасы қандай жоба?



Мәңгілік ел жастары индустрияға! ( Серпін ) жобасы жұмыс күші артық өңірлерден шыққан ауыл жастарына жоғары білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба.



Бұл жоба кімдерге арналған?



Жұмыс күші артық өңірлердің: Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының ауыл жастарына, ауылдық елді мекендердегі мектептердің түлектеріне арналған.



Серпін жобасы бойынша қандай өңірлердің жоғары оқу орындары ұсынылады?



Жоба бойынша қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған мына өңірлердегі жоғары оқу орындары ұсынылады:

1. Солтүстік Қазақстан облысы;

2. Қостанай облысы;

3. Павлодар облысы;

4. Шығыс Қазақстан облысы;

5. Қарағанды облысы;

6. Ақмола облысы.



2020-2021 оқу жылына Серпін жобасы бойынша қанша білім гранты бөлінген?



Биыл 5116 білім гранты Мәңгілік ел жастары индустрияға! ( Серпін ) жобасы шеңберінде студенттерді оқытуға арналған.



Серпін жобасы арқылы оқуға қалай өтініш береді?



13-20 шілде аралығында грант конкурсына құжат тапсырғанда 4 таңдаудың бір немесе бірнеше таңдауын серпінмен тапсыра аласыз.