Қазақша посттар
2022-08-03 17:25 Пайдалы кеңестер

Мектепте не үшін үзіліс болады?

АҚШ-тың Ұлттық институтының ғалымдары ми белсенділігінің картасын жасап, жаңа ақпаратты ұзақ есте сақтау үшін миға қысқа үзіліс берудің пайдалы екенін дәлелдеді. Ғалымдар ерікті адамдарды екі топқа бөліп, оларға мынадай тапсырма береді: Экранда "41234" деген код жазулы болады. Қатысушылар 10 секунд ішінде әлгі кодты қарсыластарына қарағанда көбірек жазулары керек. Ал 10 секунд өткен соң, 10 секундтық үзіліс беріледі.


Эксперимент нәтижесінде ғалымдар 10 секунд үзілісті қолданып, миын демалдырған топтың, демалыссыз жазған топқа қарағанда, кодты анағұрлым көбірек жазғандарын анықтаған. Сондай-ақ әрбір 10 секунд сайын демалудың арқасында есте сақтау қабілеттері нығайған. Демек интервалды оқу миға пайдалы.


Қандай да бір жаңа ақпаратты меңгеріп, күнделікті өнімділігіңді арттыруды қаласаң, әрбір 10-15 минут сайын миыңды демалдырып отыруды ұмытпа.

Мектепте не үшін үзіліс болатынын ұқтың ба? Миың демалып, алған ақпаратты сіңіру үшін.