Қазақша посттар

Сенімділік

Сенімділік? Шын мәнінде, бұл сөздің миллиондаған сипаттамасы мен анықтамасы бар деуге болады.





Мысалға, сенімділік бұл өзіңді өзгелермен салыстырмау, себебі сіз өзіңіздің ерекше әрі қайталанбас екеніңізді білесіз.





Сенімділік бұл өзгелерді әңгімеге салып, сөз қылып, айыптаудың ештеңеге алып келмейтін жәй уақытты босқа құртумен тең келетін пайдасыз іс екенін түсіну.



Сенімділік бұл өзіңнің кім екеніңді, өмірдегі орныңды және не қалайтыныңды түсіну. Еркіндікті сезіну.





Сенімділік айқындылықтың белгісі. Өзіне сенімді адам өзгелер мені мен болғаным үшін ұнатпай қалады деп қорықпайды.





Сенімді адам жалғыздықтан қорықпайды. Өйткені, ол өзі жеке қалу арқылы ойын ретке келтіріп, уақытын өзіне арнайды.





Сенімділік бұл өзін құрметтеу, өзіне деген жақсы қарым-қатынас, қамқорлық көрсету.



Ең маңыздысы, сенімділік бұл бойыңызда жаңа қыр-сырларды ашуға көмектесетін қасиеттердің бірі. Ал бұл, жетістікке жетуде маңызды рөл ойнайды.





Бұл тізімді шексіз жалғастыруға болады, себебі, сенімділік сөзін әркім әрқалай түсінеді. Ал сіз ше? Сіз үшін сенімділік деген не?