Қазақша посттар
2022-08-03 17:46 Пайдалы кеңестер

Қорқынышпен қалай күресуге болады?

Бүгінгі постымызда медицина ғылымының докторы, оратор, суретші және жазушы Лисса Рэнкиннің қорқыныштан арылуға көмектесетін эффективті кеңестерін ұсынамыз.


1. Қорқыныштарыңнан ұялып, қысылудың еш қажеті жоқ. Керісінше, олармен бетпе-бет келіп, күресе білуің керек.


2. Қорықпайтындай кейіп жасап, өзіңді "Мен ештеңеден қорықпаймын" деп сендір. Осылай жасау арқылы уақыт өте келе, қорқыныштарыңнан арылып, біртіндеп өзіңе деген сенімділігің арта түседі.


3. Өмір болғандықтан, қиындықтар мен проблемалардан қашып құтыла алмайсың. Ақыры қашып құтыла алмайды екенсің, онда не үшін уайымдайсың? Одан да, өзіңе сен де, "Менің қолымнан бәрі келеді" деп, тек алға ұмтыл.


4. Қорқыныштарыңның шынайы себебін анықтауға тырыс.


5. Қорқыныштан құтылу үшін ойыңды жақсы жаққа бұр. Жақсы нәрселерді ойлауға тырыс. Сондай-ақ жиі-жиі таза ауада серуендеп, медитация жасап, музыка тыңдап, өзіңнің сүйікті істеріңмен айналыс.