"Тәртіпке бағынған құл болмайды" деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, тәртіптілік - адамға ең бірінші берілу керек қасиет.
Кейде істейтін шаруаларымыз көп болса да, мотивацияның жоқтығын сылтауратып, жұмысымызды аяқсыз қалдырып жатамыз. Бұл өзімізді тәртіпке бағындыра алмаудың кесірінен болатын нәрсе. Бұл қасиеттен құтылу үшін мына кеңестерді қолдансаң болады.
Зерттеулерге сәйкес, адамдар өздерінде жеткілікті уақыт болған кезде жұмыстарды тезірек, тиімдірек жасайтын көрінеді. Осы үшін де өзіңіе берілген тапсырманы асығып, 5 минут қалғанда емес, бір-екі апта уақыт қалғанда қолға алу керек.
Біз күн сайын өзімізді алдаумен келеміз. "Қазір мына 5 минуттық күлкілі видеоны қарап тастайын, содан кейін бірден іске кірісемін" деген жағдай сізге таныс па? Осылай жасаудың нәтижесінде сен 5 минут емес, 1 сағат қалай өткенін байқамай да қаласың. Нәтижесі - аяқталмаған жұмыс пен зая кеткен уақыт.
Бұндай жағдайды болдырмас үшін, жақындарыңа, достарыңа істеу керек шаруаларыды алдын-ала ескерт. Олар саған жоспарлардан ауытқымай, жұмыстарыңды аяқтау керектігін ескертіп отыратын болады.
Саған сеніп тапсырылған істі жауапкершілікпен орындай біл. Сабақты оқимын деп ата-анаңа уәде бердің бе, соны орында. Мұғалімің тапсырма берді ме, уақытында тапсыр. Тіпті бұл істі істегің келмей тұрса да, басқалардың алдындағы жауапкершілікті сезіне білуің керек.
Әдетте құлшыныс сен күтпеген кезде келеді. Сол себепті де мотивацияны күтпей-ақ бірден іске кірісе бер. 10-15 минуттан соң сенің миың жұмысқа беріліп, сәлден соң құлшынысың артқанын байқайтын боласың.