Қазақша посттар
2022-04-13 16:59
Ешқандай әрекет жасамай, өмірді өзгерту мүмкін емес
1. Адам - өз ойының жемісі. Не ойласаң, сол болады.
2. Барлығын алдын-ала жоспарлап, есепке алып отыру - мүмкін емес.
3. Неден қорықсаң, соған жолығасың.
4. Егер біз ойларымызды басқара алмасақ, олар бізді басқаратын болады.
5. Өміріңді өзгерткің келсе, алдымен тоқтауың керек.
6. Барлық мәселенің түп тамыры - өз ішіңде жатыр.
7. Адам өз-өзін қаншалықты жоғары дамытса, оның алдынан соншалықты көп мүмкіндіктер кездесетін болады.
8. Өмірде жайдан-жай кездейсоқтық болмайды.
9. Өткенді ұмытып, бүгінмен өмір сүр.
10. Егер сен өмірдің ережелерін біліп тұрып, іс жүзінде қолданбасаң, онда уақытыңның зая кеткені.