Егер мақсатың болмаса, онда ҰБТ тапсырудың қажеті қанша? Ата-анаңның сөзіне бола оқуға түспексің бе? Жоғары оқу оқымай-ақ бизнесмен, қойшы, құрылысшы боп жатқандар бар ғой. «Жоқ! Мен ЖОО-да оқуым керек» десең, онда не үшін оқитыныңды шешіп ал. Мұғалім болам десең, не үшін болғың келіп жатыр? Сен болғың келген мұғалімнің сипаты қандай? Физика мұғалімі болсаң, аудандағы, одан қала берді республикадағы ең мықты маман боп, олимпиадчиктер дайындайтын мұғалім болуға дайынсың ба? Егер осындай мақсат қойсаң, оны үйге іліп қой.
Мұндай мақсаты бар адам ешқашан қол қусырып отыра алмайды. Құрығанда бір есеп шығарып отырады. Жерге түскен доп серпіліп, қайта аспанға көтерілгенін көргенде, соның артында тұрған физика заңдарын ойлап отырады. Күш, қысым, серпіліс, тартылыс, үйкеліс заңдарын әр заттан байқап отырады.
Мақсатыңды бір қарап, айқындап ал.