Қазақша посттар

Жақсы сөз айт немесе үндеме

Иван Белявский деген ғалым бар. Биология ғылымдарының докторы. Сол кісі бақандай он жеті жыл адамның сөзі оның геніне қалай әсер ететінін зерттепті. Не деген тақырып иә? Он жеті жыл! Біз бір істі он жеті күн зерттесек, соның маманымыз деп шығатынымыз бар емес пе?





Сол Иван ғалым айтады: Адамның сөзі оның геніне қатты әсер етеді. Жағымсыз сөздерді жиі қолданатын адам өзгелерге қарағанда жылдам қартаяды .





Дәл осы салада Иванның әріптесі, ол да сондай ғалым, Петр Гаряев: Сіз боғауыз, жағымсыз сөз айтқан кезде, адам генетикасының ең нәзік тұсынан жұдырықпен қойып қалғандай боласыз. Оның рухани құрылымы бұзылады дейді. Ол әсер ұрпақтарына дейін жетеді екен.





Қазақтың сөзі бар ғой жақсы сөз жарым ырыс деген. Кез келген жағдайда жақсы сөз айтайық. Айта алмасақ, үндемей отырайық. Ойбай, осы ҰБТ-дан құлап, быт-шытым шығып жүрмесе? Оқуға түссем, оқи алмай, ұятқа қалып қоймаймын ба? Оқу бітірген соң жұмыс таба алмай, елге күлкі болмасам жарар еді деген сияқты сөздерді күшпен болсын сөздік қорыңыздан, ойыңыздан алып тастаңыз. Сонда бәрі жақсы болады!