Бір күні кішкентай Томас Эдисон мектептен үйге келіп, анасына мұғалімі беріп жіберген хатты ұстатады. Анасы хатты оқығанда көзіне жас алып, баласына дауыстап оқи бастайды:
Сіздің балаңыз - данышпан. Бұл мектеп балаңыз үшін тым тар, және бұнда сіздің балаңыздың деңгейіндей оқыта алатын мұғалімдер жоқ. Сондықтан, өтініп сұраймыз, балаңызды үйден оқытуға алып кетіңіз.
Жылдар өтіп, анасының өлімінен кейін, Томас отбасылық ескі архивтерді ақтарып отырып, жаңағы хатқа көзі түседі. Бұл кезде Томас - өз заманындағы ұлы өнертапқыштардың біріне айналған болатын.
Сөйтіп жаңағы хатты оқыса, ішінде: Сіздің балаңыздың ақыл есі кем. Біз оны мектепте басқа балалармен бірге оқыта алмаймыз. Сондықтан оны үйден оқытқаныңыз жөн. - деп жазылған екен. Томас бірнеше сағат бойы жылап, біраздан соң өз күнделігіне: Томас Альва Эдисон - ақыл есі кем бала болған. Батыл анасының арқасында ол бүкіл әлем таныған, өз заманының ең ұлы өнертапқыштарының бірі болды.
Бұл оқиғадан біз не ұғындық? Сіздің айналаңыздағылар, мұғаліміңіз, ата-анаңыз немесе достарыңыз болсын сізге сенбеуі мүмкін. Сізді райыңыздан қайтарып, саған қиын болады, сен оны істей алмайсың, шындыққа тура қарасаңшы деген сияқты сөздерді айтуы мүмкін. Бұлардың бәрі сіздің ойыңызда сақталып, әр сәтсіздікке ұшыраған сайын, жарты жолда барлығынан теріс айналуға әкеліп соқтырады.
Дәл қазір әр үйде бар электр шамын осы Томас Эдисон алғаш ойлап шығарған. Оның мынадай сөзі бар: Мен ешқашан жеңілген емеспін. Тек жүзеге аспайтын 10 000 тәсілді байқап көрдім. Біздің ең басты қателігіміз - нәтижесін көрмей жатып, тез беріле салуымызда. Табысқа жетудің ең сенімді жолы - тағы бір рет қайталап көру.