№1 лайфхак: Ми жинақылық пен логиканы жақсы көреді. Ақпаратты ұзақ уақытқа есте сақтау үшін қағазға жазып, тізімін құру керек. Әсіресе, ми маркермен белгіленіп, нөмірлермен тізілген ақпараттарды ұмытпайтын көрінеді.
№2 лайфхак: Ми физикалық жаттығулармен айналысқаныңды қалайды. Нейрогенез бағытындағы зерттеулер нәтижесінде физикалық жаттығулардың нейрондар санының өсуіне әсер ететіні дәлелденіп отыр. Физикалық белсенділік мидың есте сақтау бөлігі - гиппокамптың жұмысына да жайлы әсер етеді.
№3 лайфхак: Жүргізілген зерттеулердің бірінде адамдардың ақпаратты электронды құрылғыға қарағанда қағазға жазғанда әлдеқайда жақсырақ есте сақтайтыны анықталды. Ақпаратты қағаз бетіне түсіргенде, ми әлгі ақпаратты маңызды деп санап, оны қорытып, есте сақтауға дайындап жатады.