Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-ға дайындыққа қандай музыка тыңдау керек? 🎶

Музыка тыңдағанда адам ағзасында бақыт гормондары бөлініп, жүрек музыканың ритміне сәйкес соға бастайды.


Сондықтан бүгін біз музыканың жанрларына тоқталып, олардың біздің өмірізге қалай әсер ететіні жайында айтатын боламыз.

1. Сабақ оқығанда немесе зейін қоюды талап ететін істерді атқарғанда, классикалық музыканы тыңдаған дұрыс. Ал егер классикалық әуенді ұнатпасаң, онда электрондық немесе софт/лофи жанрындағы әндерді тыңдауға болады.

2. Шығармашылықпен айналысатын адамдарға табиғат құбылыстары (жаңбырдың тамшылары, теңіздің толқыны) сияқты эстетикалық және медитациялық сарындағы мелодия тыңдауға кеңес береміз. Ол адамның жай-күйін тыныштандырып, шабытын ашуға көмектеседі.

3. Ғалымдар музыканың физикалық денсаулықты жақсартуға да әсері бар екенін дәлелдеді. Зерттеулер нәтижесінде, спортпен айналысу барысында музыка тыңдау - адамның жүрек қағысын жиілетіп, музыканың ритміне қарай бейімдеп, денені көбірек энергия жұмсауға итермелейтіні анықталған.