Телефонға байланып қалсаң, басың істемей қалады деп айтып жатады. Ақылыңды азайтпаса да, бәрібір жалқау етеді. Жаңа технологиялар өмірімізге жақсы да, жаман да нәрселер әкеп жатыр. Егер телефон қарау көп уақытыңды алып жатса, онда мына кеңестерге жүгін.
1. Смартфонды тазала. Пайдасыз, көп қолданбайтын, онсыз да өмір сүре алатын бағдарламаны өшір. Мысалы, күніне қанша қадам жасағаныңды есептеу қаншалықты маңызды? Телефонның камерасы тұрғанда, басқа камера жүктеп алу ше?
2. Пайдалы бағдарламаларды жүктеп ал. Мысалы, адамның миын күшейтетін ойындар, тіл үйрететін курстар.
3. Телефоннан үздіксіз шығып тұратын хабарламаны алып таста. Бағдарлама, смс, жаңалықтар, почта, жаңарту, т.б. бәрін тоқтатып таста. Олар назарыңды алып қояды. Істеп жатқан ісіңе қайтадан кірісе алмай қаласың.
4. Ойындарды азайт. Құстарды рогаткамен лақтырып, қаланы қорғап, жаумен сағаттап атысқан соң қандай жетістікке жеттің? Ойынды аз-аздан ойнағаның дұрыс. Ойынға жұмсаған уақытың түгел пайдасыз демейміз, тек біраз уақыттан бері жиналып қалған басқа маңызды істеріңді бітіргенің азбал.
5. Ұзақ мәтіндерді оқы. Документалды фильмдер қара. Қазіргі жастар назарын бір нәрседе ұзақ ұстап тұра алмайды. Көретін видеолары ары кетсе 20-30 секунд, оқитын посттары 150-ақ сөз.
6. Барлық істі смартфонда жасама. Мысалы, кітапты қағаз кітаптан оқы. Тексті компьютерде жаз.
7. Айналаңа қарап жүр. Табиғатта қаншама ғажайып нәрселер боп жатыр. Көшеде сәбидің сыңғырлаған күлкісі, велосипедтің жүрісі, сары жапырақтың қар үстінде жатқаны, құстардың сайрауы, адамдардың әңгімесі – бәрі сен үшін елеусіз өтіп жатыр. Өмір деген смартфонның алақандай бетінде емес, әлемде болып жатыр.
8. Смартфоннан құтылудың қажеті жоқ. Ол зиянды нәрсе емес. Кітап, пышақ сияқты бір құрал. Дұрыс қолданбасаң, зиян.
9. Бір күн смартфонсыз сүріп көр. Өзің үшін қызық тәжірибе болады.
10. Смартфоныңда JOO.kz бағдарламасы тұрсын. Бұл саған бағыт-бағдар беруші, көмекші болады.