1. Жұмыс үстеліңе логиканы дамытып, бас қатыратын қандай да бір ойыншық қойып қой. Өзіңді шаршаңқы сезінген кезде әлгі ойыншықпен ойнап, ойлау жүйеңді бір қозғап алсаң, шаршағаның әп-сәтте басылатын болады.
2. Гарвард университеті жүргізген зерттеу бойынша, күніне бар болғаны 10 минут жаяу жүрудің өзі адамның зейінін ашып, концентрациясын арттыраны белгілі болды.
3. Атақты невролог дәрігер Анита Коллинздің айтуы бойынша, музыка ми жүйесінің барлық бөлігіне әсер етіп, миды жаттықтырады. Сондықтан миыңды дамытқың келсе, музыкалық аспаптарда ойнап, музыка тыңдағаның жөн.
4. Егер ештеңе істеуге құлқың болмай тұрса, өзіңе 5 минут қана жұмыс істеуге уәде бер де, шаруаңды бастап кет. Бастысы, бастап кетсең болғаны, ары қарай 5 минут емес, бір сағаттың қалай өтіп, жұмысыңды аяқтап тастағаныңды байқамай да қаласың.
5. Түскі уақытта 15-20 минут болса да, миыңды тынықтырып, тынығып ал. Бұл саған кешке дейін энергия беріп, сергек жүруге көмектеседі.