Қазақша посттар

Ата-ананың үмітін ақтау VS Өзіңнің үмітіңді ақтау

Біз ылғи ата-анамыздың үмітін ақтағымыз келеді. Меккеге апарғымыз келеді. Мектеп кезінен шығармаларға солай жазамыз. Осы ата-атаның үмітіне не кіреді өзі? Ойланып көрдіңіз бе?

Тізімде не бар?





Маған салса, алдымен өзіңнің үмітіңді ақта дер едім. Өзіңе қандай үміт бересің? Қандай мақсаттар қоясың? Мысалы, ата-ананың атына кір келтірмейтін тәрбиелі болу; мейлі грант, мейлі ақылы болсын, жақсы оқып, білім алу; білікті маман болу; өзгеге пайда тигізу; білгеніңмен бөлісу; үлгілі отбасын құру, т.б.





Егер осы айтылғандарды орындасаң, біріншіден, өзіңнің үмітіңнің ақталғаны; екіншіден, сенің осындай жетістікке жеткеніңді көріп, ата-анаңның үміті ақталғаны. Балам үлкен азамат болды. Елдің адамына айналды. Халықтың алғысын алуда. Жұрт осындай баланы өсірген ата-анасына рахмет деп айтып жатыр екен деп мәз болады.





Асылы, екі бұлақ та бір өзенге құяды екен: ата-ананың үміті баланың көркем мінезді және жұмысында жақсы болуы; баланың үміті адам ретінде және таңдап алған саласында жақсы болу. Ендеше, өзіңе қояр мақсаттарың ірі болсын. Оған апаратын үмітің сөнбесін. Армандарыңа біртіндеп жете бер!