Қазақша посттар

Жаттығуда неғұрлым көп қиналсаң, шайқаста соғұрлым жеңіл болады

Орыс ұлтының мықты қолбасшысы Суворовтың сөзі бұл. Оны тек соғыс жағдайына емес, ҰБТ-ға да қолдансақ, жарасып-ақ кетеді. Дайындықта неғұрлым көп еңбектенсең, емтиханда соғұрлым оңай болады.





Көп шыныққан сайын тек бұлшықетің шынығады деп ұқпау керек. Ми да бір бұлшықет іспеттес. Ол да шынығады. Көп шыныққан ми есте сақтауға, тез жұмыс істеуге, ұзақ уақыт жақсы қызмет етуге, стресске қабілетті.





Сынақ емтиханында үш сағат бойы отырып, ерік-жігеріңді күшейтсең, ҰБТ-ның кезінде жүйкең сыр бермейді.





Қиын есептерді көп шығарып машықтансаң, емтиханда оларды шемішкеше шағып тастайсың.





ҰБТ-ға жақын қалды. Дайындықты күшейтіңіз. Бұрынғы жұмсаған уақытыңызға тағы бір сағат қосыңыз.