Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Маңызды істер асықпай істеледі

Маңызды шешім қабылдайтын сәт әр адамның өмірінде міндетті түрде орын алады. Мамандық таңдауда, өмірлік жар таңдауда, дос таңдауда, университет таңдауда, т.б. асықпаған жөн. Қазақта «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген сөз бар. Оған сүйенсең, ұтылмайсың.


Шұғыл істер күн сайын туындап жатады. «Срочно келші! Срочно көмегің керек боп тұр» деп жанұшырып келетін достарың болады. Алайда ол маңызды шаруа емес. Ары кетсе «пәленше жұлдызды көріп қалдым, суретке түсіріп жіберші» деп бітуі мүмкін. Ондайларға ЖОҚ деп үзілді-кесілді жауап беру керек.


Бәрің де жассыңдар, өмірлерің әлі алда. Бірақ ылғи бір жаққа асығып жүресіңдер. Ойларың: «үлгеру керек, тез бітіру керек!» Ал үйдегі аталарың мен әжелеріңе бір сәт назар салып көр. Олар асықпайды. Тіпті шайға шақырсаң да тез келе қоймайды. Олардың өмірінің көбі кетіп азы қалды емес пе? Онда неге асықпайды? Себебі оларда өмірлік тәжірибе бар. Маңызды істер шұғыл болмайтынын, шұғыл істер маңызды болмайтынын жақсы біледі.


ҰБТ да маңызды істердің бірі. Оған апыл-ғұпыл бір-екі ай ғана дайындала салып тапсырам деген болмайды.