Бірінші қадам: Өзіңе не қызықты, соған көңіл аударып, сонымен айналыс. Мысалы егер саған сурет салу ұнаса, әлеуметтік желіде өз парақшаңды ашып, сол жерде салған суреттеріңді қарапайым бағада сатып көруіңе болады. Сондай-ақ күнделікті практика жасау арқылы сурет салу шеберлігіңді де шыңдай аласың!
Екінші қадам: Табыс көзіне айналдыруға болатын қызығушылықтарың көп болғанымен, сенің олармен айналысуға ешқандай энергияң болмай, жалқаулық тартып жүретін кездер де болады. Ондай жағдайда сен ең алдымен өз денсаулығыңа көңіл бөліп, жиі-жиі спортпен айналысу мен дұрыс тамақтануды қолға алуың керек.
Үшінші қадам: Мамандық таңдаудан бұрын, кейде сүйікті іс таңдаудан да қателесіп жатамыз. Бірақ сен бұған бола қаймықпа, себебі тек қателесу арқылы ғана сен өзіңнің сүйікті ісіңді таба аласың.
Төртінші қадам: Өзіңді және сүйікті ісіңді дамытуға уақытыңды, біліміңді және ақшаңды аяма. Сенің өзіңе құйып жатқан бүгінгі инвестицияң болашақта міндетті түрде екі еселеніп қайтып оралады. Сондықтан өз ішкі потенциалыңды ашып, сүйікті ісіңді таппайынша, жаңа нәрселер үйреніп, өзіңді жетілдіруден жалықпа.