Қазақша посттар
2022-07-28 09:56 Пайдалы кеңестер

Тест сұрақтарын есте сақтауға ең тиімді әдіс

SQ3R әдісі оқығаныңды ұмытпайтындай етіп, есте сақтап алуға көмектеседі. Бұл әдісті 1946 жылы психолог Фрэнсис Робинсон ойлап шығарған.


Әдіс 5 бөліктен тұрады:

  1. Кітапты оқығанда оның ішіндегі кілт сөздерге, суреттерге, графиктер мен сызбаларға мұқият назар аудар. Егер кітап электронды түрде болса, онда шрифтке, қою түспен боялған сөздерге көбірек мән бер.
  2. Ақпаратпен танысып болғаннан кейін өзіңе оқығаның бойынша сұрақтар қойып, соларға жауап беруге тырыс.
  3. Кітап оқу - пайдалы іс. Бірақ кейбір адамдар 100 кітап оқып шықса да, олардан алған білімді өмірлерінде пайдаланбайды, ал кейбіреулер бар болғаны 10 кітап оқып, өмірлерін өзгертіп жатады. Кез келген білім қолданбалы болуы керек. Ақпаратты жай ғана оқып қана қоймай, шынайы өмірде қолдану - оны есте сақтап алудың ең тиімді жолы.
  4. Кітапты толықтай жаттап алудың қажеті жоқ, бар болғаны ең маңызды жерлерін белгілеп, қайталау жеткілікті.
  5. Енді кітаптың мазмұнын бір қарап, барлық маңызды ақпарат бар жерлерді қайталап шық. Оқығаныңды есте сақтаудың тағы бір тиімді жолы: оны басқа адаммен бөлісу, өзге біреуге оқығаныңды айтып, түсіндіру.