Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Әр таңды осыдан баста

Күнде ерте тұрып, сабаққа баратын күндер жақындап келе жатыр. Күз түсіп, күн суыған сайын таңертең ұйқыдан тұру қиындай береді. Жылы төсектен тұрғың келмейтін кездер болады. Осыған орай, таңертең оянуды жеңілдететін және сәйкесінше барлық күніңе жақсы әсерін тигізетін кеңестер жинап қойдық.


1. Таңның басты ережесі — телефонды қолға алмау. Әдетке басып, әлеуметтік желілерге кіріп кетсең, біраз уақытыңды жоғалтып аласың. Артынша кешігіп қалуың мүмкін.


2. Бірден орныңнан тұрып, бір стакан су ішіп ал. Ол сенің ұйқыңды ашып, сергітеді. Сонымен қатар, күнде таңертең су ішетін адамның организмінде зат алмасу процессі дұрысталады.


3. Таңертең уақыт аса көп болмайды, сол себептен алдын-ала қайнауға су қойып қой.


4. Әлі де ұйқың ашылмай тұр ма? Салқын суға шомылып шықсаң, міндетті түрде ашылады, уәде беремін.


5. Спортпен бәрі айналыса бермейді, бірақ оның маңызы зор. Сағаттап уақыт жұмсап, жаттығулар жаса демейміз, жай ғана 1 минуттық планкаға тұрсаң жеткілікті.


6. Осы уақыттың ішінде алдын-ала қойып қойған су да қайнап қалады. Таңғы ас жеп, кофе ішіп, жүрек жалғап ал.


7. Таңғы ас уақытында телефонға үңілмей, бүгінгі күнге қандай жоспарлар бар екенін есіңе түсіре отыр. Неден бастайтыныңды ойластыр.