Қазақша посттар
Мұғалімдер жайлы TOP 5 фильм
Мотивация

Мұғалімдер жайлы TOP 5 фильм

1. Общество мертвых поэтов

Академикалық білім көбінесе параграфтарды қайталап оқып, миды фактілермен толтырумен шектеледі. Мұғалім Китинг осыны біліп, өз оқушыларына ағылшын тілінің әдебиетін құр оқытып қана қоймай, әдебиетті жан-тәнімен сүюге және оны сезінуге үйретті. Нағыз көруге тұрарлық керемет фильмдердің бірі болғандықтан, міндетті түрде қарауға кеңес береміз.


2. Только силнейшие

Бұл фильм Луис Стивенс атты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жайлы болмақ. Ол "капоэйра" атты спорт түрін меңгергендігінің арқасында оқушылармен тез тіл табысып, оларды спортқа баулып, достық пен бір-біріне деген сенімге баулуға тырысады. Бұл фильм де өз әсерлілігімен көрерменді таң қалдырары сөзсіз.


3. Большая перемена

Уақытында білім ала алмаған орта жастағы адамдар, бұрында кешкілік мектептерде оқитын болған. Ондай мектепте көбіне мұғалімдер оқушылардан кіші болатын. Мейірім мен жүрек жылуына толы бұл фильм сондай кешкілік мектепте сабақ беретін бір мұғалім жайлы сыр шертеді.


4. Октябрьское небо

Болашақ NASA инженері Хомер Хикэмнің басынан өтіп, шынайы оқиғаға негізделіп түсірілген бұл фильм ешқашан берілмей, өз арманыңды орындауға талпыну керектігін көрерменге астарлап жеткізеді.


5. Умница Уилл Хантинг

Уилл Хантингтің есте сақтау қабілеті мен математикалық қабілеттері қатты дамыған. Ол өзінің осындай қабілеттері бола тұра, мықты университеттердің бірінде тазалықшы ретінде жұмыс жасайды. Алайда оның бір іске қатысы болып, сотталатын кезінде ол күтпеген жерден математика профессорын кездестіреді. Әлгі кездесуден кейін кейіпкеріміздің өмірінде үлкен өзгерістер орын ала бастайды.