Қазақша посттар
Ақылды болу үшін...
Пайдалы кеңестер

Ақылды болу үшін...

1. Көбірек кітап оқуға тырыс

Кітап неғұрлым қиын әрі өзгеше болса, соғұрлым миға пайдалы болады.


2. Күніне жарты сағатыңды өлең жаттауға бөл

Өлең не туралы болса да бәрібір, маңыздысы сенің осыған күніге 30 минут уақытыңды бөліп, жаттауың. Өлең жаттау есте сақтау қабілетіңді жақсартуға көмектеседі.


3. Шахмат, дойбы секілді ойындарды ойна

Бұл ойындар сенің ойлау жүйеңді дамытуға көмектесетін ең эффективті әрі "ақылды" ойындарға жатады.


4. Миға пайдалы өнімдерді жиі тұтын

Грек жаңғағы, шалфей және шпинат секілді өнімдер мидың жақсы жұмыс істеуі үшін маңызды рөлді атқарады.


5. Шет тілдерін үйрен

Зерттеулер нәтижесінде бірнеше тіл білудің миға пайдалы екендігі анықталды.


6. Миыңа демалыс бер

Әрбір бір сағат немесе жарты сағат сайын миыңды сабақтан босатып, демалуына уақыт бер. Өз кезегінде дұрыс демалған ми да, жақсы жұмыс жасап, ақпаратты сапалырақ есте сақтайтын болады.


7. Ерекше бір хобби түрімен айналыс

Бұл сенің миыңа күнделікті рутинадан ауытқып, жаңа хобби түрін үйренуге және өзін-өзі жаттықтыруға мүмкіндік береді.