Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Оқыған затты бірден ұмытатын әдетің бар ма?

Негізі, қазір ұмытшақтық күрделі мәселеге айналып келе жатыр, себебі бәрімізде смартфон бар. Жаттап не қыламыз, сол смартфонға сақтай салсақ, ол ғасырлап жата береді емес пе? Бірақ оңай жол – дұрыс жол деген сөз емес. Мидың жұмысы адамның есте сақтау қабілетіне тікелей байланысты. Сол үшін үй жұмысына жаттау, мазмұнын айтып беру секілді тапсырмалар береді. Бірақ берілген тақырыпты неше рет оқысаң да миыңнан шығып кетсе не істеуге болады?


1. Сенің бұл материалды оқудағы мақсатың не? Соны анықтап ал. Өз-өзіңе сұрақ қой: мен мұны не үшін оқып отырмын? Мұны оқығаннан маған не пайда? Мақсат әртүрлі болуы мүмкін, бастысы, ол сені шабыттандыруы керек.


2. Бастамас бұрын, берілген тақырыппен танысып ал. Қиын емес, бар болғаны интернетке жазып, осы тақырып жайлы бір-екі мақала оқып, видео көр. Сонда сенің оқып отырған тақырып туралы түсінігің арта түседі және артынша материалды жаттап алу да жеңілдейді.


3. Мәтінге бірінші көз жүгіртіп шық. Қандай абзацтарға бөлінген, қандай тақырыпшаларға бөлінген. Сен тақырыптың жалпы идеясын түсінген соң, оқу уақытында информацияның бәрі пазл секілді құралып, миыңда сақталып отырады.


4. Жазбалар жаса. Маңызды информацияны қалт жібермей, бірден өзіңе түртіп отыр. Біріншіден, оны жазсаң есіңде жақсы сақталады, екіншіден, кейін де үлкен мәтіннің ішінен белгілі бір бөлігін іздегенде уақытты үнемдейді.


5. Егер сен информацияны көзбен емес, құлақпен жақсырақ қабылдайтын болсаң, онда дауыстап оқы. Сондай-ақ, оқу барысында өзіңді диктофонға жазып алып, кейін қайталап тыңдасаң да болады.


6. Жоқ болса да байланыс ізде, оны қолдан жаса. Бір-бірімен байланысты мәліметтерді ми жақсы қабылдайды және ұзақ есте сақтайды. Мысалға, сен бір ақын жайлы оқып отырсың, ол сенің досыңның жерлесі болуы мүмкін. Ассоциацияны іске қос.