Қазақша посттар
2022-08-03 16:39 Пайдалы кеңестер

10 адамның 9-ы жасайтын қателіктер

1. Тәуекелге бел буудан қорқу

Батылдығың жетпей жүрген іспен айналысу немесе маңызды адамға қоңырау шалу секілді бір іс бүкіл өміріңді толықтай өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан да, тәуекелге барудан қорықпа. Атақты «Гарри Поттер» кітаптарын жазған Джоан Роулингті есіңе түсірші. Ол 12 баспадан «жоқ» деген жауапты естісе де берілмеді, іздеуді тоқтатқан жоқ. Тәуекелге бел буды да, өзін жарқын болашақ күтіп тұрғанына сене білді. Соның арқасында қазір «Гарри Поттер» кітабын білмейтін жан жоқ.


2. Өзің қалағандай өмір сүруден қорқу

Өз өміріңді өзің қалағандай сүр. Уақытыңды өзіңе ұнамайтын адамдардың қасында өткізіп, өзің жақсы көрмейтін жұмысты істеп құртпа. Өз өмірің – өз қолыңда. Жарқын болашақ қашан келеді деп күткенше, өз болашағыңды құруды бүгіннен бастап қолға алуға тырыс.


3. Өткенге өкіну

Көп адамдар өмірін жасаған қателігін қайта-қайта ойлаумен өткізіп алады. Қарап отырсаң, әлемде мінсіз адам жоқ, бәрі де қателесіп барып, түзеледі. Сондықтан қателіктеріңді ойлап, өткенге өкініп отыра бергенше, алға қарай ұмтылуға қадам жаса.