Қазақша посттар
2022-04-13 14:13

Әдетіңді өзгертіп, өміріңді өзгерт

Алдыңғы постта әдет қалыптастыру туралы айттық. Енді әдетті өзгертудің құпиясын айтамыз😉





💫Бәрімізде түрлі әдет бар. Бірі жақсы болуы мүмкін, бірі жаман болуы мүмкін. Жақсы әдетті де, жаман әдетті де өзгертуге болады. Бұл жерде де белгі, қалау, әрекет және сыйлық маршруты бар. Мұнда әрекетті ғана өзгертеміз📍





🙌🏻Мысалы, таңертең ұйқыдан тұрасың да, қайтадан ұйықтайсың. Ұйқың қанып тұрса да, ұйқыны жақсы көргенің үшін ұйықтайсың. Сосын ұйқыдан тұрған соң түуу, бекер ұйықтадым. Ұйықтамай-ақ кітап оқып не жүгіріп келу керек еді деп өзіңді жейсің. Бұны қалай өзгертеміз?





📌Бұл жерде ұйықтауға белгі жиналмаған төсек. Жастықты көре сала тәтті ұйқының сезімі бір шарпып өтеді. Ойланбай төсекке секіріп, көрпені жамыласың. Ұйықтаймын деген сезім толық рахат береді.





Ұйқыдан тұрғанда бірден төсекті жинап таста. Бас жағыңа кітап немесе жүгіретін киімді қойып қой. Енді дайын тұрған жастықты емес, спортивканы көресің🤫





Адам жүгіріп келгенде эндорфин, яғни рахат сезімін алады. Бұл сыйлыққа қол жеткізу.





✅Осылай біраз уақыт жасау керек. Сонда таңертең ұйқыдан тұрғанда белгі ретінде кітап, жиналған төсек, кроссовка, спортивка, йога, ағылшын тілі, су, ҰБТ кітапшасы тұруы мүмкін. Оны көргенде соңында алатын рахат сезімін сезінесің. Артынша әрекетке көшесің. Әдетті жою мүмкін емес. Оны тек өзгерте аласың😉