Қазақша посттар
2022-08-03 17:40 Пайдалы кеңестер

Сыныптасыма ашуландым

Өмірде неше түрлі адам бар. Біреу әдепті, біреу әдепсіз. Біреу кешігеді, біреу бейәдеп сөз айтады. Мысалы, сыныптық жиналысқа Әлихан деген сыныптасың кешігіп келді. Сен оған ренжідің. Ренішің кеудеңде тұрып алды, кетпеді. Өкпең қара қазандай. Ойыңды жиналысқа бұра алмай, қайта-қайта Әлиханға қадала бердің. Нәтижесінде шаршадың, шаруаң бітпеді? Мұндайда не істеу керек? Яғни, күткеніңдей болмаса, қалай болу керек?


Бірінші этап: жалпы өмірде кешігу деген нәрсе бар екенін қабылда. Сенің өзің де кешігесің. Өмірі кешікпеймін деген адамның өзі әйтеуір бір кезде кешігуі мүмкін ғой. Кешігу деген нәрсенің бар екенін мойындау қажет.


Екінші этап: сен Әлиханды өзгерте алмайсың. Бірақ өзіңнің осы оқиғаға көзқарасыңды өзгерте аласың. Мысалы, «жарайды, кешіксе бір шаруасы шығып қалған болар».


Үшінші этап: өзіңнің пікіріңді Әлиханға оңаша жерде білдір. «Бауырым, Әлихан. Сенің бүгінгі кешігуің маған ұнамады. Сен бір топ адамды күттіріп қойдың. Шұғыл шаруа шығып қалса, ескертіп қойғаның дұрыс».

Міне, осылай жасасаң, басыңды ауыртпайсың. Ал бас деген қартайғанға дейін де керек.