Қазақша посттар

Өзгелердің пікірін тыңдамауға 5 себеп

Біздің сыртқы (физикалық) және ішкі (эмоционалдық) жағдайымыздың арасындағы байланысты зерттейтін психосоматика деген бағыт бар. Адамның сыртқы келбетіне көңілі толмауының себебі - оның ішкі әлемінде проблема бар. Яғни, өзін-өзі жақсы көрмеуінің немесе ең жаманы - басқалардың пікіріне тәуелді болудың кері әсерін зерттейді.🙂





Ұлы француз жазушысы Андрэ Моруа: Өзгелердің пікіріне сүйенудің қажеті жоқ, олар - маяк емес, керісінше жолдан адастыратын кезбе шамдар деген екен. Сондықтан да басқа адамдар сен туралы не ойлап, не айтады деп ойлаған сайын, мына кеңестерді еске алғаның жөн☝🏻





Көбі сен туралы ештеңе ойламайды. Өз өміріне риза адамдардың ойына сен туралы негативті ойлау немесе сынауға уақыты жоқ. Ал қызғаншақ, өзіндік пікірі қалыптаспаған адамдарды тыңдап, бірнәрсе дәлелдеп, өз уақытыңды босқа құртудың мүлдем керегі жоқ✋🏻



Өміріңдегі маңызды шешімдерді өзіңді тыңдай отырып қабылдаған жөн. Әрине, достарың, жақындарың кеңес беріп, бағыттағысы келуі мүмкін, бірақ оның да орны бар. Соңында сәтсіздікке ұшырап, жан-жағыңа өкпелегің келмесе, соңғы шешімді өзің айтып, ренжитін болсаң тек өзіңе ренжитіндей болу қажет😎





Өмір - өте қысқа нәрсе. Басқалардың айтқанымен, солай болу керек деген принциппен өмір сүру - ақымақтық. Сол себепті бүгін қабылдаған шешіміңе ертең өкініп қалмайтындай, өз өміріңнің жауапкершілігін өзің алып үйрен😉





Қанша тырыссаң да, бәріне бірдей жаға алмайсың. Соған бола өзіңе деген құрметіңді түсіріп, таусылма. Жай ғана өз өміріңді сүр. Қоғамдық пікір - маңызды емес, маңыздысы - сол пікірге бағынасың ба, әлде өз ережелеріңді құрасың ба?🤔