Қазақша посттар
2022-08-04 17:09 Пайдалы кеңестер

60 жастағылардан 7 өмірлік кеңес

1. Уақыт зулап өтеді де, кетеді. Сондықтан өмірдің барлық қызығын көріп қалуға тырыс. Күш-қуатың мол жас кезіңді пайдаланып, көбірек саяхаттауға асық. Жай ғана картадан бір елді таңда да, алға бас!


2. Барлығын жүрегіңе жақын қабылдап, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Тіпті, қандай да бір қиындық туындап, басыңа іс түсіп жатса да, өзіңе "бұл жай ғана өмір ғой" деп айт та, ары қарай күлімдеп, жүре бер.


3. Дос деген түнгі сағат екіде хабарлассаң да, саған көмектесуге жетіп келетін адам. Ал қалғандары - жай ғана таныстар.


4. Денсаулығыңды, әсіресе, тісіңді ерте жастан бастап, күтуге тырыс. Себебі тіс проблемалары денсаулыққа қатысты проблемалардың ішіндегі ең жаманы.


5. Әрбір сәтті, әрбір өмірдің кішкентай сыйын бағала. Қазірмен өмір сүр, арманың үшін тәуекелге барудан қорықпа. Сондай-ақ өмірдің адамға бір-ақ рет берілетінін есіңнен шығарма.


6. Өзің сыйлайтын адамнан ақыл-кеңес сұра, сосын мәселені тағы бір ойланып, соңында өзіңнің жеке пікіріңе сүйене отырып, өз шешіміңді шығар.


7. Егер сенің қандай да бір орындалмайтын арманың болса, онда оны орындауға бәрібір де тырысып көруің керек. Өйткені уақыт өткен сайын арманыңды орындау қиындай түсетін болады.