Қазақша посттар
Мотивация

Жасөспірімдер жасайтын қателіктер

Қазір жеке даму өте өзекті мәселеге айналды. Қоғамның қысымымен жастар өзін жан-жақты дамытуға тырысуда. Бұл жаман емес. Бірақ өзіңді қинау – қате. Өзіңді демалғаның үшін кінәлау – қате.


Ал енді біреуі мақсатсыз, ағыммен ғана жүр. Жеке даму арқылы неге жеткісі келетінін білмейді. Яғни, белгісіздікке үздіксіз жылжып келе жатыр. Басқалар істегенді сен де істеп жүре берсең, көпшіліктен еш айырмашылығың болмай қалады.


Алғашқы келеңсіздіктерден соң үміт үзу – қате. Ерте берілген адам көптеген мүмкіндігінен қол үзеді. Жетістікке жетелейтін жол келеңсіздіктерден тұрады.

Тағы бір қателік – теорияның практикадан көптігі. Не үйренсең де тәжірибені ұмытпа. Алған біліміңді іс жүзінде тексер және жетілдір.


Ересектердің өкініші көбіне ата-анасына байланысты. Оларды тыңдамағанына, болмаса одан да жаманы – оларды жек көргеніне өкінеді. Жасөспірім кезде ата-анамыз бізді жақсы көрмейтін сияқты сезімде боламыз. Бірақ бұл – қате ой.

Ал ең жаман қателік – шылым мен ішімдік секілді тыйым салынған заттарға тәуелділік. Бұл әрекетің денсаулығыңды ғана емес, бүкіл өміріңді құртуы мүмкін.