1. О.А.Андреевтың "Техника развития памяти. Самоучитель" атты кітабында есте сақтау жүйесін жаттықтыруға арналған сабақтар мен мидың ақпаратты қабылдап, есте сақтайтын бөліктерін дамытуға көмектесетін көптеген жаттығулар берілген.
2. Кез келген ақпаратты еш қиындықсыз жаттап алудың жолдарын Тони Бьюзеннің "Карты памяти. Готовимся к экзаменам" деген кітабын оқу арқылы біле аламыз. Егер осы кітаптардағы әдіс-тәсілдерді толық меңгеріп алсаң, ендігәрі емтихандарды қорықпай әрі жоғары бағаға тапсырып шығатыныңа еш күмәнің болмасын.
3. Ми жүйесінің белсенділігін арттыруға көмектесетін ерекше технологияны ұсынған Станислав Мюллердің "Разблокируй свой ум: стань гением!" атты кітабын міндетті түрде оқуға кеңес береміз. Аталған кітап адамның жас-ерекшеліктеріне қарамай, оқуға деген ниетін ашуға көп көмегін тигізеді.