Қазақша посттар

Ақылы ҰБТ мен тегін ҰБТ-ның айырмашылығы неде?

Достарыңа да айтып бер 👇🏻


Қаңтар ҰБТ-сы ақылы болғанын бәріміз білеміз. Ал Маусым ҰБТ-сы мектеп оқушыларына тегін болады.



Айырмашылық неде?



Қаңтар, Наурыз және Тамыз ҰБТ-сының сертификаттары университетке ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді.



Маусым ҰБТ-сының сертификаты грант конкурсына қатысуға мүмкіндік береді.



Оқушылардың арасында жиі кездесетін қате пікір: Мен Наурыз ҰБТ-ны тапсырсам Қаңтар ҰБТ-ның нәтижесі жойылып кетеді .



Оқушы 4 ҰБТ-ны тапсырса, сол 4-еуінің де нәтижесі келесі оқу жылына дейін сақталады . Сәйкесінше, оқуға түсерде өзі қалаған сертификатты қолдана алады.



ҰБТ-ның нәтижесін біздің приложениеден көруге болады. Ол үшін өз профиліңе кіріп, ЖСН (ИИН) енгізу керек.



Бәріңе Наурыз ҰБТ-да сәттілік! 🧡