Бірінші ол Флинттен оның қандай мақсаттары бар екенін сұрайды. Содан кейін Флинтке оның болашақта қол жеткізгісі келетін 25 нәрсенің тізімін жасауды сұрайды. Сосын оларды маңыздылығына қарай бағалап, ең басты бесеуін таңдап ал дейді. Ал қалған 20 мақсатымды не істеймін дегенде Баффет: Алдымен бастапқы бес мақсатыңа қол жеткізгенше оларға мүлдем назар аударма деп жауап береді.
Сіз бір ғана мақсатқа ойыңызды шоғырландырған кезде, табысқа деген мүмкіндік арта түседі. Сәнге айналған бағыттарға назар аудармаңыз және бір қызығушылықтан екіншісіне тез ауысып кетпеңіз. 5/25 ережесін тек мансап жолында ғана емес, өмірдің басқа салаларында: денсаулықта, қарым-қатынаста, жеке мақсаттарда пайдаланыңыз.
Істегіңіз келетін нәрселер жайлы ойланыңыз. Шет тілін үйрену, музыка аспабын игеру, әлемді аралау. Көп адам алға қойған мақсатына ешқашан жете алмайды. Демек ол адам үшін мақсаттары шын мәнінде маңызды емес. Әдетте ондай мақсаттарды тек пайда әкелетін болғандықтан таңдайды. Бірақ бұл оған ұмтылу үшін жеткіліксіз.
Мысалы он шет тілінде еркін сөйлесеңіз керемет болар еді. Бірақ барлық демалыс күндерін грамматиканы үйренумен өткізу көңілге қонбайды. Шет тілдері біздің артықшылықтар тізімінде жоғарыда болмайды, әдетте біз үшін жұмыс пен отбасы маңыздырақ. Сол себепті оларды тек бос уақытымызда ғана оқимыз да, бір тілді үйрену үшін бірнеше жылымыз кетеді.
Біз көбіне қол жеткізе алмайтын мақсаттардың тізімін аламыз. Сол себепті күйзеліске түсіп, өзімізді кінәлі санай бастаймыз.