Арман мен нәтиженің арасында бір ғана көпір бар: ол – еңбек
Түрлі нәрсені армандаймыз. Арман деген нәрсе соған қол жеткізуге шамаң жететін нәрсе. Бірақ көбінде арман арман күйінде қала береді. Біреулердің сенің арманыңа қол жеткізгенін көргенде ішің қыз-қыз қайнайды. Жұрттың жолы болғыш! Менің ісім жүрмейді. Неге осы әке-шешем бай болмады екен? Жұрттың баласы не жеп пысық болады екен?
Алайда олардың күндіз-түні еңбектенгенін, тәтті ұйқыны қиып, таңда ерте тұрғанын, қыдырудан бас тартып, жұмыс істегенін көрмейміз. Көрсек те көргіміз келмейді.
Арманыңызға жеткіңіз келсе, баспен, біліммен еңбектеніңіз.